Басылым
2 мин оқу 170

Әріптестік байланыс нығая түседі

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазақ газеттері&raquo; ЖШС бас директоры Дихан Қамзабекұлы қытайлық &laquo;Жэньминь Жибао&raquo; басылымының Қазақстан және Орталық Азиядағы тілшісі Ли Чияңды қабылдап, тараптар әріптестік, ақпараттық, мәдени байланыс орнату мәселелерін пысықтады.</p>

Әріптестік байланыс нығая түседі

Кездесуде Дихан Қамзабекұлы қытайлық журналисті серіктестіктің тыныс-тіршілігімен таныстырып, ғасырлық тарихы бар «Egemen Qazaqstan», «Казахстанская правда» газеттері туралы әңгімелеп, «Қазақ газеттері» құрамындағы өзге де басылымдарға тоқталды. Сондай-ақ серіктестіктің бірқатар Қытай басылымдарымен әріптестік байланысы барын айтып өтті.

Осы қызметінде жылға жуық уақыт қана жұмыс істеп келе жатқан қы­тай­лық журналист «Казахстанская правда» газетімен тығыз байланысы барын айтты. Сонымен қатар ол серіктестік басылымдарының «Жэнь­минь Жибао» газетінің «Бір белдеу, бір жол» жобасы аясында құрыл­ған медиа­одақтың мүшелігіне өту жөнінде ұсыныс жасады. Осы одақ жыл сайын өзінің медиафорумын өткізіп, сол іс-шара аясында шетел жур­налистері үшін Бейжің қаласына саяхат ұйымдастырып тұрады екен.

Сондай-ақ Д.Қамзабекұлы мен Ли Чияң әріптестік шеңберінде газетке жарияланатын мақалалар жайында пікір алмасты.

«Бұған дейін сіздермен әріптестік байланысымыз болған жоқ. Сон­­дықтан газеттеріңіз республика көлемінде тарайтын танымал да іргелі басылым болғандықтан, біз екіжақты әріптестік, ынты­­мақ­тас­тығымызды нығайтқымыз келеді. ҚХР төрағасы Си Цзиньпин­нің мақа­ласын, алдағы уақытта Астанада болғалы отырған ШЫҰ сам­миті­не қатысты материалдарды газеттеріңізде жариялау жөнінде ұсы­­ны­сымыз бар», деген қытайлық газет өкіліне серіктестік басшысы қос мем­лекеттің Сыртқы істер министрліктері деңгейіндегі тиісті рұқ­­сат құ­­жат­­тары реттелсе, мұндай ұсынысты қолдауға дайын екенін жеткізді.

Сондай-ақ ол материалдарды мүмкіндігінше «Egemen Qazaqstan» және «Казахстанская правда» газеттеріне бірдей жариялау жөніндегі өз пікірін ортаға салды.

Тараптар алдағы уақытта жалпы қазақ-қытай ынтымақтастығын жандандыруға медиа саласы бойынша үлес қосуға, әріптестік байланысты дамыта түсуге келісті. 

Бөлісу:
Әріптестік байланыс нығая түседі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар