Тұлға
1 мин оқу 110

Табиғаты таза Төр-аға

<p style="text-align: justify;">Ұлтымыздың күш-қайраты мен бірлік-берекесінің мекені болған киелі Ұлытауда туып, жер жәннаты Жетісудың төріндегі аспанмен астасқан Алатаудың асқаралы биіктерін бағындырған, бүкіл ұлттың сау&shy;лығын кең тар&shy;мақты саясат деңгейіне көтерген, табиғаты таза, болмысы тарлан қайран Төр-аға &ndash; Төрегелді Шарманұлы!</p>

Табиғаты таза Төр-аға

Қанына сіңген қазақтың қай­раткерлігі мен кең­дігі, Алаш арыс­­тары аманаттаған аза­мат­­тығы сонау «Азамат» пар­тия­сының қа­та­рында ол кісімен иық тіресе ел­дік жолында тер төккен күн­дерімізде де айқын көрінген еді.

Қанша жасқа келсе де тау­сылмаған, қазынасы ортай­ма­ған, кездескенде көкірек кеу­­­дең­ді ашып, сөйлесе қалса, су­сыныңды қандырып, жүз­дес­кен­де жа­ның­ды жады­ратқан қайран дария аға мәңгілік сапарына озды.

Жанының жайсаңдығын, жү­регінің жазиралығын, жүзінің жылылығын ұмыт­паймыз.

Марқұмның алды – өзіне, соңы – еліне жарық болсын!

Мұрат ӘУЕЗ,

қоғам қайраткері, мәдениеттанушы

Бөлісу:
Табиғаты таза Төр-аға · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар