Елорда
1 мин оқу 173

Елордада Қабанбай батыр даңғылының бір бөлігі жабылады

<p style="text-align: justify;">Астана қаласында Қабанбай батыр даңғылының бір бөлігі жөндеу жұмыстарына байланысты жартылай жабылады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Елордада Қабанбай батыр даңғылының бір бөлігі жабылады

Қабанбай батыр даңғылының Сығанақ көшесінен Керей, Жәнібек хандар көшесіне дейінгі бөлігінде жол бөлігін орташа жөндеу жоспарланды.

«Осы жылдың 29 мамыры мен 3 маусымы аралығында жоғарыда аталған учаске жартылай жабылады, бұл ретте бір жағынан екі бағытта да қозғалыс қамтамасыз етіледі», делінген хабарламада.

Әкімдік елорда тұрғындары мен қонақтарынан өз бағытын алдын ала жоспарлауды сұрады.

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті

Бөлісу:
Елордада Қабанбай батыр даңғылының бір бөлігі жабылады · Egemen Qazaqstan