Тыл мамандарының оқу-әдістемелік жиыны
<p style="text-align: justify;">Радиоэлектроника және байланыс әс­кери-инженерлік институтында ­­тыл коман­­дирлері орынбасарларының, ­Құр­­­лық әскерлері, Әуе қорғанысы күш­­­­тері әскери бөлімдерінің, Десант­тық-ша­буылдау әскерлерінің тыл­мен қам­­­та­масыз ету қызметтері мен ­қой­­­­ма­лар бастықтарының қатысуы­мен оқу-әдістемелік сабақтар өтті.</p>

Жиынның мақсаты – әскерлерді жан-жақты қамтамасыз етуге бағытталған басқару үдерістерінің тиімділігі тәуелді тыл қызметкерлерінің кәсібилік деңгейін арттыру.
Жиынды басқарған Әуе қорғанысы күштері әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары, полковник Асылхан Таубаев осы сала әскери қызметшілерінің қажетті білім мен дағдыларды меңгеруі маңызды деп атап өтті.
– Әскерді тылдық қамтамасыз ету үдерістерінің сапасы әскери қызметшілердің жауынгерлік қабілеттілігі мен моральдық рухына тікелей әсер етеді. Бұл істе қызметтің ерекшелігін терең білу және жүйелі жұмыс істеу маңызды, оған мұндай жиындар ықпал етеді, – деп атап өтті А.Таубаев.
Жиын бағдарламасына дәрістер, көрнекі және нұсқаулық сабақтар, оған қоса рота шаруашылығын жүргізу бойынша практикалық жаттығулар кірді. Қатысушылар азық-түлікті, техниканы, қызмет мүлкін сақтау, одан басқа сарбаздар мен курсанттарды теңгерімді және салауатты тағам мөлшерімен қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Әскери қызметшілердің тұрмыстық ахуалын ұйымдастыруға да жан-жақты тоқталды. Мамандар тәжірибелерімен бөлісіп, әскери бөлімдерде тұрмыс жағдайын жақсартудың және тамақтануды ұйымдастырудың тиімді тәсілдерін ұсынды.
Жиын барысында алынған білім мен дағдылар бөлімшелерге жүктелген міндеттерді орындаудың жалпы тиімділігі мен дайындығын арттыруға ықпал ететін болады.
