Қоғам
1 мин оқу 120

Су тасқыны салдарынан ет бағасы қымбаттай ма?

<p style="text-align: justify;">Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин елде болған су тасқыны салдарынан ет пен малдың бағасы өспейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Су тасқыны салдарынан ет бағасы қымбаттай ма?

Сенаттың жалпы отырысынан кейін министрдің орынбасарына «Тасқынның салдары ет пен малдың бағасына әсер ете ме?» деген сұрақ қойылды.

Аманғали Бердалин табиғи апат нарықтағы бағаға әсер етпейтінін жеткізді.

«Жоқ, Қазақстанда 9 млн-ға жуық ірі қара, 27 млн-ға жуық қой, 4 млн-ға жуық жылқы бар. Тасқыннан қырылған 12 мың бас жалпы малдың 1%-ын да құрамайды. Сондықтан нарыққа ешқандай әсері болмайды», деп сендірді вице-министр.

Бөлісу: