Жарнама
 
Бокс
1 мин оқу 66

«Байрағымызды Парижде желбіреткім келеді»

<p style="text-align: justify;">Бокстан Қазақстанның ерлер құрамасы Париж Олимпиадасында толық құрамда өнер көрсетеді. Жетінші жолдаманы Таиландтың Бангкок қаласында өткен Олим&shy;пиадаға ірік&shy;теу тур&shy;нирінде 63,5 кг сал&shy;мақ&shy;тағы Мұхамедсабыр Базарбайұлы жеңіп алды.</p>

«Байрағымызды Парижде желбіреткім келеді»

– Олимпиада жолдамасы маған оңай келген жоқ. Алдымен Қазақстан спартакиасында жеңіске жеттім. Одан кейін Италияда өткен Олимпиадаға іріктеу турнирін­де бақ сынадым. Алайда жолым болмады. Астанада бес спорт­шының арасында кішігірім жарыс ұйымдастырды. Финалда тәжірибелі Дулат Бекбауовтан басым түстім. Таиландта алты жекпе-жек өткіздім. Ең бастысы, Олимпиада жолдамасын иеленіп отырмын. Ата-анама, бапкерлеріме, қолдаушыларыма алғыс айтамын, – деді Мұхамедсабыр.

Сондай-ақ ол тыңғылықты дайын­дық жүргізіп, Париж Олимпиа­да­сын­да көк туымызды биік тұғырдан желбіретуді көздеп отырғанын айтты.

Бөлісу:
«Байрағымызды Парижде желбіреткім келеді» · Egemen Qazaqstan