Құқық
2 мин оқу 94

«Автокөлік әперем» деген алаяқ

<p style="text-align: justify;">Бас прокуратура мен Интерпол қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Біріккен Араб Әмірліктерінен алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен ірі мөлшерде алаяқтық қылмысын жасаған күдіктіні экстрадициялады.</p>

«Автокөлік әперем» деген алаяқ

Ол 2010 жылдың қазан айында жә­бірленушіден АҚШ-тан «Роллс-Ройс» маркалы автокөлікті әкеліп беремін деп 50 млн теңгеден астам ақшасын алып, кейін қашып кеткен. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, халықаралық іздеу жарияланады. Күдікті еліміздің құқық қорғау органдарынан 10 жыл­дан астам уақыт бойы жасырынып келді. Мұндай қылмыс жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 7 жылға дейін­гі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Күдіктіні экстрадициялау Қазақ­стан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы 2009 жылы Қазақстан Республикасының Бас про­куратурасы дайындаған қылмыскер­лерді ұстап беру туралы келісім негі­зінде жүзеге асты.

Ел тұрғындарының құқықтық сауаты артты дегенімізбен, әлі де алаяқтардың арбауына түсіп қалып жатқандар аз емес. Ақмола облысы про­куратурасының мәліметінше, осы аптаның өзінде 18 облыс тұрғыны ин­тернет-алаяқтардың құрығына түсіп, 20 млн теңгеден астам қаражатынан айырылған.

Интернет сайттары және әлеумет­тік желілердегі жоқ тауарларды сату, әртүрлі қызметтерді ұсыну туралы хабарландырулар, банктер мен құқық қорғау органдарының қызметкері болып хабарласып, ақшалай қаражат­ты немесе салымды «қауіпсіз шотқа» аударуды ұсынатын қоңыраулары алаяқтықтың ең көп таралған тәсілдері болып тұр.

Мәселен, бір тұрғынға ұялы байланыс операторымын деген белгісіз адам SIM-картаның мерзімін ұзарту керек деп қоңырау шалған. Алаяқ оған сілтеме жіберіп, сол арқылы оның атынан несие рәсімдеген.

Тағы бір жағдайда зейнеткерге бел­гісіз адам қоңырау шалып, өзін баласы ретінде таныстырған және банк картасының екі бетін суретке түсіріп жіберуді, телефон нөміріне келіп түскен құпия сөзді айтуды сұраған. Осы­лайша, арам ойын іске асырған әккі зейнеткердің атынан ақшалай несие рәсімделген.

Прокурорлар азаматтарды қыра­ғы болуға, сатушының сенімділігіне көз жеткізбестен тауар үшін алдын ала төлем жібермеуге, қоңырау ша­лушыларға сенбеуге, өздерінің жеке мә­ліметтерін бейтаныс адамдарға бермеуге шақырады. 

Бөлісу:
«Автокөлік әперем» деген алаяқ · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар