Аймақтар
1 мин оқу 181
Алматыда заңсыз жұмыс істеген 27 Өзбекстан азаматы ұсталды
<p style="text-align: justify;">Алматы қалалық полициясы заңсыз жұмыс істеген 27 Өзбекстан азаматын анықтады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Көші-қон талаптарын орындамаған шетелдіктер «Заңсыз» республикалық жедел-алдын алу шарасы барысында ұсталды.
«Тексеру кезінде тоғыз шетелдіктің жеке басын куәландыратын құжаттары болмады. Олар ПД-нің қабылдап-таратуына орналастырылды. Әрбір құқық бұзушының жеке басын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр», деді қалалық полиция департаментінің көші-қон қызметі басқарма бастығының орынбасары, полиция полковнигі Геннадий Мен.
Бөлісу:

