Жарнама
 
Аймақтар
1 мин оқу 183

Маңғыстау облысында екі жасар бала Каспий теңізіне батып кетті

<p>2022 жылы туған бала Каспий теңізінде суға батып кетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Маңғыстау облысында екі жасар бала Каспий теңізіне батып кетті

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, қайғылы оқиға Маңғыстау облысының Құрық ауылынан 5 шақырым жерде болған.

Оқиға шомылуға жабдықталмаған аймақта болды. Себебі – судағы мінез-құлық ережелерінің талаптары мен нормаларын бұзу. Судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға, атап айтқанда, балаларды қараусыз қалдырмауға шақырамыз", - делінген хабарламада.

Оқиғаның мән-жайын жедел тергеу тобы анықтап жатыр.

Бөлісу:
Маңғыстау облысында екі жасар бала Каспий теңізіне батып кетті · Egemen Qazaqstan