Қаржы
1 мин оқу 100

Валюталық интервенция жасалмады

<p style="text-align: justify;">Мамыр айының қорытындысы бойынша теңге бағамы 1,2%-ға &ndash; 1 доллар үшін 447,25 теңгеге дейін әлсіреді. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 234 млн доллардан 251 млн долларға дейін ұлғайды. Сауда-саттықтың жалпы көлемі &ndash; 5 млрд доллар. Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін мамырда 800 млн долларға валюта сатылған.</p>

Валюталық интервенция жасалмады

Ұлттық банк (ҰБ) ақпара­ты­на қарасақ, Ұлттық қор­дан сату үлесі жалпы сауда-сат­тық көлемінің 16%-ы және күніне 40 млн доллардан аспай­­тын мөлшерде болды.

«Ұлттық банк Ұлттық қордың қаражатымен операция жүргізу кезінде нарықтағы бейтарап қағидатын сақтайды. Бұл шетел валютасын біркелкі қалыпта сатуды білдіреді», делінген мә­лім­де­меде.

ҰБ өткен айда БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін 30% деңгейінде ұстап тұру мақсатында биржалық сауда-саттықта шетел валютасын сатып алуды жалғас­тыр­ған. Оның жалпы сомасы 500 млн доллар немесе нарықтың жалпы көлемінің шамамен 10%-ын құрады.

Сонымен бірге ҰБ мамырда валюталық интервенциялар жүр­гізген жоқ.

Республикалық бюджетке транс­ферт бөлуге Үкіметтің алдын ала болжамды өтінімдері бойынша 2024 жылғы маусымда ҰБ Ұлттық қордан 350 млн доллардан 450 млн долларға дейінгі мөлшерде валюта сатылуын күтеді.

Бас банктің бағамдауынша, қысқа­мерзімді перспективада теңге динамикасы нарыққа қатысу­шы­лар­дың күтулеріне, тоқсандық салық төлемдеріне, әлемдік нарық­тар­дағы ахуалға және геосаяси жағдайдың өзгеруіне байланысты қалыптасады.

Бөлісу:
Валюталық интервенция жасалмады · Egemen Qazaqstan