Спорт
1 мин оқу 110

Алматыдағы Азия чемпионаты

<p style="text-align: justify;">Шосседегі велоспорттан Алматыда Азия чем&shy;пионатының шы&shy;мылдығы түрілді. Елі&shy;&shy;мізде тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр&shy;ған дүбірлі додаға сары құрлықтың 27 мем&shy;лекетінің спортшылары қатысуда.</p>

Алматыдағы Азия чемпионаты

Аталған жарыс­та ел намысын Рината Сұл­танова, Ма­хаб­бат Үмітжанова және Фаина Потапова сынды бұ­рымдылар қорғауда. Ал­ғашқысы жекеле­ген сында сайысқа түссе, бас­қалары ара­лас эстафетада бақ сынайды. Топтық бәсекеде Рината Сұл­танова, Махаббат Үміт­жанова, Марина Кузь­ми­на және Анжела Соловьева өнер көрсетеді. Сондай-ақ Ақ­пейіл Өсім, Бота Ба­тыр­бекова, Вио­летта Казакова, Ели­завета Скля­­рова, Ангелина Бу­рен­ко­ва, Евгения Заам, Екате­ри­на Удовыкина, Ми­лана Лебединская және Ма­рия Елькина сынды жасөс­пі­рімдердің де тартысын тамашалаймыз.

Ерлер жарысында – Ев­ге­ний Федоров (жекелеген), Глеб Бру­сенский, Евгений Гидич, Дмитрий Груздев және Игорь Чжан (топтық) шеберліктерін паш етуде. Андерлер арасында Андрей Ремхе (жекелеген), Николя Винокуров, Руслан Әлиев және Андрей мен Ру­дольф Ремхелерге сенім артып отыр­мыз.

– Биылғы Азия чемпионаты басқа да ірі халықаралық жарыстармен тұспа-түс ке­ліп отыр. Сол себепті «Ас­тананың» сапындағы велошабандаздар бұл додаға қа­­тыспайды. Олар қарт құр­лықта өтіп жатқан басқа бай­рақты бәсекелерде бақ сынау­да. Бірақ одан жарыстың қызығы кеміп қалады деп ойлаймаймыз. Алматыдағы чемпионатқа қатысатын жер­лестеріміз өздерінің ше­берлігімен жанкүйерлерді қуантуға тиіс, – дейді

Қа­­зақ­стан құрамасының аға жат­­тықтырушысы Даниил Фоминых.

Тағы бір айта кетер­лік жайт, 5-12 маусым ара­лы­ғында Азия чемпио­на­тының өтуіне орай Алма­ты­дағы кейбір көшелерде көліктердің жүру бағыты өзгереді. 

Бөлісу: