Жарнама
 
Экономика
2 мин оқу 150

Қазақстан 2023 жылы әлеуметтік көмекке қанша қаржы жұмсады?

<p style="text-align: justify;">2023 жылы әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға жұмсалған шығыстар республикалық бюджеттің барлық шығыстарының 21,6%-ын (2022 жылы 24,4%) құрады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Экономикалық зерттеулер институтына сілтеме жасап.</p>

Қазақстан 2023 жылы әлеуметтік көмекке қанша қаржы жұмсады?

«Әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға жұмсалатын шығындар көлемі аздап өзгерді. 2022 жылмен салыстырғанда 7,4%-ға артып, 2023 жылы 4,7 трлн теңгені құрады (2022 жылы 4,3 трлн теңге)», делінген хабарламада.

Шығындардың осы түрінің барлық дерлік сомасы 2023 жылы 99,4% – әлеуметтік қамсыздандыруға (азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қамсыздандыру және оларды төлемдерді қолдау, халықаралық ұйымдармен бірлесіп жүзеге асырылатын жобаларды іске асыруды қамтамасыз ету), 0,6% – әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру саласындағы өзге де қызметтер (республикалық деңгейде халықты әлеуметтiк қорғау мен көмек көрсету, сондай-ақ әлеуметтiк қорғау жүйесiн және инфрақұрылымын дамыту, еңбек, жұмыспен қамту, әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру) және көші-қон, еңбекті қорғау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер, өнімді жұмыспен қамтуды дамыту және т.б.) құрайды.

«Өткен жылы жергілікті бюджеттердің шығындар құрылымында әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға шығыстар 5%-ды құрады (2022 жылы 4,8%). Абсолютті мәнде әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға жұмсалған шығындар көлемі 2022 жылмен салыстырғанда 28,2%-ға өсіп, 2023 жылы 639 млрд теңгеге жетті (2022 жылы 498,6 млрд теңге)», деп хабарлады институт.

2023 жылы әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға жұмсалған шығыстардың ең көп үлесі Түркістан облысына – 11,4% (2022 жылы 11,6%) және Алматы қаласына – 9,0% (2022 жылы 8,9%) тиесілі. Ең аз үлес Ұлытау облысында – 1,0% (2022 жылы 1,0%) болды.

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті

Бөлісу:
Қазақстан 2023 жылы әлеуметтік көмекке қанша қаржы жұмсады? · Egemen Qazaqstan