Елорда
1 мин оқу 220

Елордада 17 автобус бағытының жұмыс уақыты ұзартылды

<p style="text-align: justify;">Астанада 17 автобус бағытытының жұмыс уақыты ұзартылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Елордада 17 автобус бағытының жұмыс уақыты ұзартылды

№3, 8, 9, 10, 13, 15, 17, 18, 20, 23, 27, 30, 32, 35, 44, 59, 84-ші бағыттағы автобустардың жұмыс уақыты 23:30-ға дейін ұзартылды.

«Мысалы, егер маршрут бір соңғы аялдамадан 21:50-де шығып, жолды аяқтауға 1,5 сағат кетсе, келесі соңғы аялдамада оның жұмысы 23:30-да аяқталады», деп түсіндірді CTS.

Маршруттардың кестелері мен бағыттарының уақыты әртүрлі, сондықтан соңғы аялдамалардағы маршруттардың жұмысы да әртүрлі аяқталады.

Еске сала кетейік, бұған дейін 201, 202, 203 түнгі бағыттағы автобустар іске қосылатыны хабарланған еді.

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті

Бөлісу:
Елордада 17 автобус бағытының жұмыс уақыты ұзартылды · Egemen Qazaqstan