Оқиға
2 мин оқу 370

Қазақтың белгілі саясаткері Бексұлтан Тұтқышев қайтыс болды

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның саяси және қоғам қайраткері, Парламент Сенатының депутаты&nbsp; Бексұлтан Тұтқышев 75 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Қазақтың белгілі саясаткері Бексұлтан Тұтқышев қайтыс болды

Қайғылы хабарды сясаткердің балалары жариялады.

«Қымбатты туыстар, достар, әріптестер! Бүгін таңғы сағат 4-те әкеміз Бексұлтан Серікбайұлы Тұтқышев арамыздан кетіп, мәңгілік тыныштық тапты. Жерлеу рәсімі 9 маусым күні сағат 10-да Астана қаласының орталық мешітінде өтеді», делінген хабарламада.

Бексұлтан Серікбайұлы Тұтқышев 1948 жылы 19 тамызда Қостанай қаласында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік медицина институтын тәмамдаған, дәрігер.

  • 1974 жылы - Қостанай қалалық ауруханасы, дәрігер-травматолог.
  • 1974-1993 жылдары - В.И.Ленин атындағы Қостанай облыстық ауруханасы, кеуде хирургиясы бөлімінің хирургы.
  • 1993-1994 жылдары - «Медстрах-Гранит» медициналық сақтандыру компаниясы, директор.
  • 1994-1995 жылдары - Қостанай облыстық ауруханасы, бас дәрігердің орынбасары.
  • 1989-1993 жылдары - Қостанай қалалық халық депутаттары кеңесі, депутат, отбасы істері, жастар, азаматтардың денсаулығын қорғау жөніндегі тұрақты комитеттің төрағасы.
  • 1995, 1997, 2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына Қостанай облысынан депутат болып сайланды. 1998 - 2008 жылдары - ТМД елдері Парламентаралық Ассамбелясының мүшесі.
  • 2002-2005 жылдары - Тұрғылықты халық және даму жөніндегі Азия форумы төрағасының орынбасары.
  • 2005-2008 жылдары - Тұрғылықты халық және даму жөніндегі Азия форумы Бас хатшысының орынбасары.
  • 2008 жылдың желтоқсанынан - «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ, басқарма төрағасының орынбасары.
  • 2011 жылдан бастап «Назарбаев Университеті» департаментінің бас менеджері.

Медицина ғылымдарының кандидаты, монография, 40 астам ғылыми мақаланың авторы. «Құрмет», «Содружества» ордендерімен, ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Алғысхатымен, БҰҰ балалар ұйымы - ЮНИСЕФ ескерткіш медалімен және басқа да медальдармен марапатталған. 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті

Бөлісу:
Қазақтың белгілі саясаткері Бексұлтан Тұтқышев қайтыс болды · Egemen Qazaqstan