Аймақтар
1 мин оқу 140

Алматы облысында жол апатынан 5 адам қайтыс болды

<p style="text-align: justify;">Алматы-Өскемен тасжолының 55-шақырымында жол апаты болды. Оқиға салдарынан бес адам қаза тапты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматы облысында жол апатынан 5 адам қайтыс болды

«Nissan Primera жүргізушісі рульді басқара алмай, жолдан шығып кетіп, ағашқа соғылды. Жүргізуші мен төрт жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты. 12 жастағы кәмелетке толмаған ұл бала Қонаев қаласының ауруханасына жеткізілді», делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Бөлісу:
Алматы облысында жол апатынан 5 адам қайтыс болды · Egemen Qazaqstan