Саясат
1 мин оқу 191

Қазақстан Кореяның ең ірі сауда және инвестиция серіктесіне айналды - Юн Сок Ёль

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Кореяның Орталық Азия өңіріндегі ең ірі сауда және инвестиция серіктесіне айналды. Бұл туралы Корея Республикасының Президенті&nbsp;Юн Сок Ёль&nbsp;<a href="https://egemen.kz/article/366165-yun-sok-yol-koreya-respublikasynynh-prezidenti-qazaqstanmen-strategiyalyq-yntyma">&laquo;Egemen Qazaqstan&raquo;</a> газетіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Қазақстан Кореяның ең ірі сауда және инвестиция серіктесіне айналды - Юн Сок Ёль

«Корея мен Қазақстан 1992 жы­лы дип­ломатиялық қаты­нас ор­на­т­қалы бері етене ынты­мақ­тас­тық байланысты дамытып келеді. Дипломатиялық қатынас бас­­талған сәттен бері екі ел ара­сын­дағы сауда көлемі 500 еседен астам ұлғайды. Нәтижесінде, Қазақстан Кореяның Орталық Азия өңіріндегі ең ірі сауда және инвестиция серіктесіне айналды», деді Корея Президенті. 

Оның айтуынша, екі ел арасындағы ынтымақ­тастықтың серпінді кеңеюіне қос мемлекеттің бірін-бірі то­лық­­тырушы өнеркәсіптік құры­лымға ие болуын, ал берік сенім­ді қарым-қатынастарға аралас циклді Қарабатан ЖЭС және Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы (ҮАААЖ) сияқты ортақ табыстарды мысалға келтіруге болады.

«Екі ел арасындағы экономика­лық ынтымақтастықты қолдау­дың институционалдық базасы өткен жылы Сауда мен инвес­тицияларды ілгерілету туралы негіздемелік келісімге (TIPF) қол қою арқылы күшейтілді. Бұл сапар маңызды минерал­дар, өңдеу өнеркәсібі және ин­фра­құрылым сияқты салалар­дағы ынтымақтастықтың нақты нәти­желеріне қол жеткізуге мүм­кіндік береді деп ойлаймын», деді Юн Сок Ёль.

Қазақстанға мемле­кет­тік сапары қарсаңын­да Корея Республикасы­ның Президентінің «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатының толық нұсқасын мына сілтеме арқылы оқи аласыз. 

Бөлісу: