Тәрбие
1 мин оқу 91

Балаларды салт-дәстүрге баулиды

<p style="text-align: justify;">Екібастұзда қазақтың салт-дәстүрін насихаттайтын &laquo;Ша&shy;ңы&shy;&shy;&shy;рақ&raquo; этноқалашығы іске қосылды. &laquo;Қайнар&raquo; білім беру және бос уақытты қамту кешенінің аумағында оқушылар қазақ ха&shy;л&shy;&shy;қ&shy;ы&shy;&shy;ның бай мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен танысады.</p>

Балаларды салт-дәстүрге баулиды

«Шаңырақ» этноқалашығы – қаланың № 7, 16, 18, 22, 25, 33 орта мектептерінің аумағында орналасқан, алты киіз үйден тұратын кешен.

Этножоба Достық үйі, «Ата­мұра» мекемелерінің, қала­­лық өлкетану музейі, жас­тар бас­тамаларын дамыту орта­лы­ғы және «Екібастұз» ҚБҚ ұйы­мы­ның қол­дауымен іске асты.

 – Этноқалашық аясында қазақ­тың қолөнері, музыка, би және аспаздық өнері бойын­ша ше­берлік сабақтары ұйым­дас­­т­ы­рылады. Балалар интер­ак­тивті аймақ­тар, көр­ме­лер мен шеберлік сабақтар арқы­лы қазақ халқының дәстүр­лерімен, қолөнерімен таныса­ды. Балалар дәстүрлі қазақ ойын­­­дарын ойнап, сайыстарға қа­ты­­с­ады, таза ауада алтыбақан те­уіп, ұлттық тағамдардан дәм татып, уақытын тиімді өткізеді, – дей­ді Екібастұз қалалық білім бө­лі­мінің басшысы Лаура Дисюпова.

Жоба қаланың білім мекеме­ле­рінің 4-6 сынып оқушыларына арналған, жалпы саны 600 баланы қамтиды.

Павлодар облысы,

Екібастұз қаласы

Бөлісу:
Балаларды салт-дәстүрге баулиды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар