Спорт
1 мин оқу 283
Әлішер Ерғали әлемдегі 10 үздік балуанның қатарына кірді
<p style="text-align: justify;">Венгрияда өткен рейтингілік турнирден кейін 97 келі салмақта күресетін отандасымыз Әлішер Ерғали үздік ондыққа кірді, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.</p>

Рейтингілік турнирден соң Біріккен күрес әлемі (UWW) балуандар рейтингін жаңартты.
Бұл тізімде қазақ спортшысы 8-ші орынға тұрақтады. Осы салмаққа жақында ауысқан Ризабек Айтмұқан 18 орыннан көрінді.
Сондай-ақ Мейрамбек Қартбай (57 келі) төртінші, Болат Сақаев (79 келі) алтыншы сатыда тұр.
Ал Азамат Дәулетбеков 86 келіде бірнеше айдан бері тізімде көш бастап, үздік нәтижесін сақтап отыр.
Бөлісу:
