Жетісулық шаруаларға 150 млн текше метрге жуық су берілді
<p style="text-align: justify;">Жетісулық шаруаларға 148,3 млн текше метр су берілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Жетісу облысы бойынша «Қазсушар» филиалының директоры Саят Құдайбергенов мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Бүгінде 26 мың гектардан астам егіс алқабы суарылды. Шаруалармен барлығы 770,3 млн текше метр суармалы су беру жөнінде 6140 келісімшарт жасалған.
Сондай-ақ жалпы ұзындығы 106,2 шақырым болатын канал бөлігі механикалық әдіспен тазаланып, 13 гидротехникалық құрылыс пен 9 гидробекет жөнделіп отыр.
Саят Құдайбергеновтің айтуынша облыста жаңа су шаруашылығы нысандарын салу жоспарға алынған. Бұлар – Ескелді ауданындағы Балықты өзеніндегі су қоймасы, Панфилов ауданындағы Қорғас, Үсек және Тышқан өзендеріндегі үш су қоймасы, Алакөл ауданындағы Жаманты су қоймасы, Көксу ауданындағы Быжы өзеніндегі су қоймасы. Қазіргі уақытта техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп жатыр.
