Елорда
1 мин оқу 290

Астанада балабақшалар екі күн бойы жұмыс істемейді

<p style="text-align: justify;">3-4 шілде күндері Астанада&nbsp;Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді. Осыған байланысты елордадағы балабақшалар екі күн бойы жұмыс істемейді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;қала әкімдігіне сілтеме жасап.</p>

Астанада балабақшалар екі күн бойы жұмыс істемейді

Астана қалалық білім басқармасы ақпаратты растады.

«Қазақстанның Оқу-ағарту және Ішкі істер министрліктерінің хатына байланысты елордада 3-4 шілде күндері мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істемейді», делінген білім басқармасы таратқан хабарламада.

Бұған дейін Ақорда Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитіне ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықтың көптеген өзекті мәселесі талқыланатынын мәлімдеген еді. 

Азаматтарға ыңғайлы болу мақсатында, әсіресе жолдарда кептеліс болмас үшін 2-4 шілде аралығында мемлекеттік мекемелерге және квазимемлекеттік секторларға қызметкерлерінің 70%-ына дейін қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстыру ұсынылады. Сол сияқты 3-4 шілде күндері мектепке дейінгі мекемелер жұмыс істемейді.

Бұл – ірі халықаралық іс-шараларды өткізу барысында күшейтілген қауіпсіздік шаралары қабылданатын және азаматтарға ыңғайлы болу үшін ішінара қашықтан жұмыс істеу тәртібі енгізілетін әлемдік тәжірибе.

Бөлісу:
Астанада балабақшалар екі күн бойы жұмыс істемейді · Egemen Qazaqstan