Елбасы
1 мин оқу 270
Нақты тапсырмалар берді
<p style="text-align: justify;"><strong>Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіп­сіздік комитетінің төрағасы Нұртай Әбіқаевты қабыл­дады.</strong></p>

Н.Әбіқаев Елбасына ведомствоның қазіргі қызметі мен алдағы кезеңге арналған жұмысының негізгі міндеттері туралы баяндады. Кездесу барысында халықаралық терроризмге және экстремизмге қарсы тиімді іс-қимыл мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, мемлекеттік шекараны нығайтуға бағытталған шараларға да ерекше көңіл бөлінді. Қазақстан Президенті кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Бөлісу:
