Шығармашылық емтихан тапсыру уақыты белгілі болды
<p style="text-align: justify;">Шығармашылық мамандықтарды таңдаған талапкерлер дәстүрлі түрде емтихан тапсырады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Шығармашылық емтиханға қатысу үшін ЖОО-ға өтініш 20 маусым - 10 тамыз аралығында қабылданады.
Ал емтихан 7 шілде - 15 тамыз аралығында өтеді.
Ақмола облысы, Ақтөбе облысы, Атырау облысы, Батыс Қазақстан облысы, Қостанай облысы, Солтүстік Қазақстан облысының талапкерлері шығармашылық емтиханды ҰБТ-дан кейін тапсырады.
Шығармашылық мамандық бойынша грант конкурсына қатысу үшін тек бір мамандық және бір жоғары оқу орнын таңдауға болады. Жоғары оқу орнына ақылы негізде түсу үшін басқа ЖОО-да тапсырылған емтихан нәтижесін қолдануға болады.
Ұлттық тестілеу орталығы қосымша сұрақтар туындаған жағдайда таңдаған ЖОО-ға хабарласу керек екенін еске салды.
