Жемқорлық
1 мин оқу 180
Шымкентте дендросаябақ басшылығы бюджет қаржысын жымқырған
<p>Шымкент қаласындағы дендросаябақ басшылығы бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин айтты, деп хабарлады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Басқарма Асанбай Асқаров атындағы «Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы» МКҚК директорына, кадр бөлімінің басшысына, бас бухгалтеріне қатысты 14,7 млн теңге болатын бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады. Тергеу барысында күдіктілер кінәні толық мойындап, келтірілген залалды өтеді, - деп жазды Дәурен Ерғарин Facebook-тегі парақшасына.
Қалалық прокуратура істі сотқа жіберді.
Бөлісу:
