Мирас
1 мин оқу 170

Көне қорғандағы қазба

<p style="text-align: justify;">Атырау облысында көне тарихтың көмбесінен сыр шертетін қорғандар мен тарихи орындар аз емес. Қазір Қызылқоға ауданындағы Қарабау, Махамбет ауданының Сарайшық аулында археологиялық қазба жұмысы жүріп жатыр.</p>

Көне қорғандағы қазба

Қызылқоға ауданы аумағындағы қазба жұмысын облыстық тарихи-өлкетану музейі жанынан құрылған экспедиция жүзеге асырады. Экспедицияға тарих ғылымдарының кандидаты Марат Қасенов жетекшілік етеді. 

«Музей жанындағы экспе­дицияның мүшелері маусым-тамыз айларында Қызылқоға ауданындағы ерте темір дәуіріне жататын Қарабау-2 қорғанына археологиялық қазба жұмысын жүр­гізеді. Аталған қорғанның диаметрі – 70 метр, ал биіктігі – 300 сантиметр. Бұл қорған Қара­бау аулынан солтүстік батысқа қарай 8,5 шақырым қашықтықта орналасқан», деп хабарлады облыстық музейден.

Ал Сарайшық ауылдық окру­гінің әкімі Жанат Кенже­ғалиеваның айтуынша, су тас­қыны кезінде археологиялық қазба орындарына зақым келмеген. Қазір Жайық өзенінің жағалауындағы тарихи орында да қазба жұмысы басталды.

«Археологиялық қазба жұ­мысына «Сарайшық» мемле­кеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК-дан 3 археолог, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінен 18, Батыс Қазақстан облысындағы университеттен 22 студент кірісті. Қазба жұмысы шілде айына дейін жалғасады», дейді Жанат Кенжеғалиева.

Атырау облысы

Бөлісу: