Өткен жылы бюджетке 19 трлн теңге түскен
<p style="text-align: justify;">Қаржы министрі Мәди Тәкиев Парламент палаталарының бірлескен отырысында 2023 жылғы республикалық бюджеттің қалай атқарылғаны туралы есеп берді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>

Оның сөзінше, 2023 жылы ішкі жалпы өнім 5,1%-ға өскен.
«Жылдық инфляция деңгейі 2 есеге төмендеп, 9,8% көлемінде тұрақталды. Жалпы бюджет тапшылығы 3,1 трлн теңге немесе жалпы ішкі өнім 2,6%. Мемлекеттік борыш 27,2 трлн теңге немесе ішкі жалпы өнімге 22,8%-ға жетті. Республикалық бюджеттің кірістері бойынша жылдық жоспар 99,9%-ға орындалып, бюджетке 19 трлн теңге түскен», деп айтты министр отырыста.
Қаржы министрінің мәліметінше, бюджеттің шығыстары 99,6% атқарылып, 22,4 трлн теңгеге жетті. Игерілмеген қаражат 73 млрд теңге болса, Үкімет резервін қоса алғанда 27 млрд теңге үнемделді.
Сонымен қатар былтыр Ұлттық қордың активтері 13,4%-ға ұлғайып, 60 млрд долларға жеткен.
