Аймақтар
1 мин оқу 230

Екі баласын тұншықтырып өлтірген анаға сот үкімі шықты

<p style="text-align: justify;">Осы жылдың ақпан айында Түркістан облысындағы жалдамалы пәтерде екі баланың мәйіті табылған еді. Қылмысты марқұмдардың анасы жасағаны анықталды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Екі баласын тұншықтырып өлтірген анаға сот үкімі шықты

Алқабилердің шешімімен Қызылорда облысының 31 жастағы тұрғыны 15 жылға сотталды. Айыпталушы жазасын орташа режимдегі түрмеде өтейді. 

Сотталушы Түркістан облысынан екі күнге пәтер жалдап, ауыр қылмысқа барған. Кейін ол құрбысына хабарласып, балалар қайтыс болғанын айтып, мекенжайды берген.

Тергеу барысында қылмыс жасаған кезде әйелдің ақыл-есі дұрыс болғаны дәлелденді. 

Бота Хамитқызы қылмысты жасағанға дейін Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы мектептердің бірінде бастауыш сыныптың мұғалімі болып істеген.  

Бөлісу:
Екі баласын тұншықтырып өлтірген анаға сот үкімі шықты · Egemen Qazaqstan