Спорт
1 мин оқу 190
Әмір Зәкіров Олимпиадаға тарихи жолдама жеңіп алды
<p style="text-align: justify;">Будапештте брейкингтен лицензиялық турнир мәресіне жетті. Бұл спорт түрінен Олимпиада бағдарламасына алғаш енген отандасымыз Әмір Зәкіров тарихи жолдамаға қол жеткізді, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Ұлттық Олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.</p>

Қорытынды кезеңге жеткен Әмір Зәкіров финалда Нидерланд өкіліне есе жіберді. Алайда екінші көрсеткіш те Париж Олимпиадасында бақ сынауға мүмкіндік береді. Ол екі турдың қорытындысында 71 ұпай жинады.
Осы сында үштікті Оңтүстік Корея спортшысы түйіндеді.
Осылайша, Әмір Зәкіров төртжылдықтың басты бәсекесінде брейкингтен ел намысын қорғайтын алғашқы спортшы атанып отыр.
Бөлісу:
