Қоғам
1 мин оқу 113

Қазақстан – Беларусь: Мәдени байланыс нығая түседі

<p style="text-align: justify;">Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Беларусь Республикасының Қазақстандағы Төтен&shy;ше және өкілетті ел&shy;ші&shy;сі Павел Утюпинмен кез&shy;дес&shy;ті. Жиын барысын&shy;да та&shy;рап&shy;тар мәдени өз&shy;ара бай&shy;ла&shy;ныстың не&shy;гіз&shy;гі мә&shy;селе&shy;лерін және елдер ара&shy;&shy;сындағы ынты&shy;мақ&shy;тастықты талқылады.</p>

Қазақстан – Беларусь: Мәдени байланыс нығая түседі

Аида Балаева екі ел арасын­дағы мәдени байланыстың ма­ңызын атап өтті. «Біз Беларусь Респуб­ликасымен мәдени-гума­нитарлық, жастар және басқа да салалардағы ынтымақтастыққа үлкен мән береміз. Екі ел арасында шығармашылық алмасулар жүріп, солистер спектакльдерге, түрлі жобалар мен концерттерге тұрақты түрде қатысып тұрады. Біздің бірлескен жобаларымыз достық қарым-қатынасты нығайтуға ықпал ететініне сенім­дімін», деді министр.

Павел Утюпин жемісті ынты­мақ­тастық үшін алғыс білдіріп, мәдени алмасудың маңызын атап өтті. «Беларусь тарапы іс-шараға Қазақстан әртістері қатысатын болса, қуанышпен қабылдауға әзір. Шілде айында Витебскідегі «Славян базары» халықаралық өнер фестивалінде Қазақстан­ның дарынды әртістерін күтеміз. Мұндай бастамалар біздің халық­тарды жақындастыруға және екі­жақ­­ты қарым-қатынасты ныға­йту­ға көмектеседі», деп атап өтті елші.

Қатысушылар аталған жобалар­ды ғана емес, ынтымақтас­тық­ты арттыру келешегін де  талқы­ла­ды. Екінші дүниежүзілік соғыс­тағы Жеңістің 80 жылдығына орай фильм түсіруді қарастыру ұсы­ныл­ды, бұл екі елге ортақ тарих пен мә­дени мұраның маңызын көрсетеді.

Сондай-ақ тараптар екіжақ­ты күн тәртібіне қатысты өзекті мәселелерді көтерді. Ынтымақ­тастықты нығайтуды атап өтіп, өзара байланыстың әлеуетін арттыру үшін жұмыс тобын құруға да­йын екенін білдірді.

Бөлісу:
Қазақстан – Беларусь: Мәдени байланыс нығая түседі · Egemen Qazaqstan