Шымкент
1 мин оқу 180

Қала күні аталып өтті

<p style="text-align: justify;">Шымкентте жаңадан ашылған &laquo;Tulip Hall&raquo; кон&shy;гресс-холында Қала кү&shy;ніне орай мерекелік концерт ұйымдастырылды. Оған ардагерлер, зиялы қауым өкіл&shy;дері, қала тұр&shy;ғындары мен жастар қа&shy;тысты. Салтанатты бас&shy;қосуда әкім Ғабит Сыз&shy;д&shy;ықбеков сөз сөйлеп, жи&shy;налған қауымды Қа&shy;ла күні мерекесімен құт&shy;тық&shy;тады.</p>

Қала күні аталып өтті

«2200 жылдық тарихы бар қаламыз даму шежіресін алтын әріптермен жазып келеді. Қаламыздың келбеті жылдан-жылға ажарланып, экономикасы өрлеп, халықтың әл-ауқаты артуда. Жаңа идеялар мен жоспарлар, ауқымды инвестиция миллионды қаланың дамуына жаңа серпін беріп отыр. Игіліктің барлығы – сіз бен біздің ортақ еңбегіміз», деді қала әкімі.

Шымкент қалалық мәслиха­тының төрағасы Бахадыр Нарым­бетов концерттік кеште бір топ азаматты «Шымкент қаласының құрметті азаматы» атағымен марапаттады. Аталған атаққа ие болғандардың ішінде «Парасат», «Барыс» ордендерінің иегері Орынбай Рахманбердиев те бар. Ол кісі шырайлы шаһардың өт­кені туралы жылы естелігін айтып, қазіргі даму қарқынына қа­тысты ойларымен бөлісті.

«Меніңше, бүгінде қалада та­мақ, тоқыма өнімдерін шыға­ратын зауыт-фабрикаларды көбейту керек. Шымкент Өзбекстан астанасы Ташкентке тиіп тұр. Міне, сол алып шаһардың да инвестициялық мүмкіндігін пайдалануы­мыз қажет. Біріккен кәсіпорындар құрып, бәсекелестік тудырған тауарларды шығарып, өздеріне сатып отырсақ, несі жаман? Қазір нарықтық экономикадамыз. Дегенмен шатқаяқтап тұрған кәсіпорындарды аяққа тұрғызып алу үшін жартылай жоспарлы экономикаға көш­сек те жаман емес. Бұл  енді – менің жеке көз­қарасым», деді О.Рах­манбердиев.

Айта кету керек, қала күнінің қарсаңында «Tulip Hall» ғимараты халық игілігіне берілді. Үшқ­абатты ғимараттағы концерт за­лының сыйымдылығы – 2066 орын. Одан бөлек 190 орындық кон­ференция залы бар.

 

ШЫМКЕНТ

Бөлісу:
Қала күні аталып өтті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар