Оқиға
1 мин оқу 104

Ақмола облысында кәсіпорынның сейфін ұрлағандар ұсталды

<p style="text-align: justify;">19 маусымға қараған түні Ақмола облысында орналасқан кәсіпорынның бірінен сейф ұрланды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ақмола облысында кәсіпорынның сейфін ұрлағандар ұсталды

Бетперде киген үш белгісіз адам кәсіпорынның бухгалтерлері отыратын кабинетінің есігін бұзып,  металл сейфті қолды еткен. 

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер үш күдіктіні анықтады. Олардың қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

«Қарақшылар сейфте бірнеше миллион теңге қолма-қол ақша бар деп үміттенді, алайда  бұл күндері мәмілелер қолма-қол ақшасыз жүргізілді, ал сейфте шамамен 500 мың теңге ақшалай сома болған», деді кәсіпорын басшысы.

Қаскүнемдер сол күні ұсталып, ұрлық бір күнде ашылды.

 

Бөлісу:
Ақмола облысында кәсіпорынның сейфін ұрлағандар ұсталды · Egemen Qazaqstan