Жауапты жұмыс

<p style="text-align: justify;">&laquo;Таза Қазақстан&raquo; республикалық экоакциясы ая&shy;&shy;&shy;сында Сыр бойында 8 мың тоннадан астам қоқыс шы&shy;ғарылып, 24 мыңнан астам аула мен көше бойы тазартылды. Өңір климатын &laquo;жатсынбайтын&raquo; ағаш көшеттерінің 130 мыңға жуығы егілді.</p>

Жауапты жұмыс

Облыс әкімдігін­де өткен арнайы мә­жілісте «Таза Қазақ­­стан» республикалық эко­ло­гиялық акциясын жүйе­­лі түрде жалғастыру жос­­­пары талқыланды.

Жиында облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов Мемлекет бас­шы­сының бастамасымен қол­ға алынған акция ая­сын­да­ғы жұмыстар ірі қала­лар­да ғана емес, аудандар мен ауыл­дарда да ұдайы ұйым­дас­тырылуы керектігін атап өтті.

«Осыған орай акцияны жалғастырудың облыстық іс-шаралар жоспары бекітіліп отыр. Қызылорда қаласы аумағындағы санитарлық тазалық жұмысының бөлі­нісі жасалды. Бұл бағытта әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандардың қасбетін қа­лыпқа келтіріп, көше, жол бойы тазалығын қамтамасыз ету, жол белгілерін түзету қолға алынады. Барлық жұ­мыс бекітілген іс-шараға сәйкес сапалы атқарылуға тиіс», деді облыс әкімінің бірін­­­ші орынбасары.

Бұл жұмыстарға бюд­жет­тік сала, кәсіп­орындар қыз­меткерлері, белсенді жас­­тар ұйымдары өкілдері жұ­мыл­дырылады. Ортақ іске қосар үлесі көп волонтерлер де экошаралар ортасынан табылмақ. Елді мекен­дердің көркеюі мен көгал­дандырылуы, сани­тарлық таза­лығының сақталуы бағы­тындағы жұмыстардан мекемелер өкілдерімен қатар қарапайым тұрғындар да шет қалмайды.

Қызылорда 

Бөлісу:
Жауапты жұмыс · Egemen Qazaqstan