Спорт
2 мин оқу 110

Дамир Алматыда айқасады

<p style="text-align: justify;">13 шілдеде Алматыда аралас жекпе-жектен Hardcore FC турнирі өтеді. Жарыстың басты жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы қазақтың танымал спортшысы Дамир Исмағұлов пен ресейлік Дмитрий Климов күш сынады.</p>

Дамир Алматыда айқасады

Орынбор облысында дүниеге келген 33 жастағы Дамирдің осы спорт түрін серік еткелі 10 жылға жуықтады. Сол ара­лықта ол бірқатар биік белесті бағындырды. Атап айтсақ, «Алаш Прайд» Гран-приінің жеңімпазы және М-1 промоушенінің чемпионы атанды. Қатарынан 14 жекпе-жекте жеңіске жеткеннен кейін қандасымыз UFC-дің қырағы мамандарының назарына ілікті. Мұхиттың арғы жағында да Ис­мағұлов өзін жақсы қырынан көрсетті. 2018-2023 жылдар ара­лығында әлемдегі ең белді промоушенде өнер көрсеткен кезде жеті рет октагонға шыққан қазақтың қайсар ұлы алғашқы бес қарсыласын ұтты. Тарқатып айтсақ, ол аустралиялық Алекс Горджис, испаниялық Хоэль Аль­варес, бразилиялық Тиау Мой­зес пен Рафаэл Алвис, швециялық Гурам Кутателадзені қапы қалдырды. Бірақ соңғы екі кездесуінде ресейлік Арман Ца­рукян мен америкалық Грант Доусоннан ұпай санымен ұтылды.

Өзінің соңғы жекпе-жегін Дамир Исмағұлов биыл наурыз айында Санкт-Петербургте жер­гілікті спортшы Эдуард Вар­таниянға қарсы өткізді. Олар кик­бокстің ережесі бойынша ай­қасты. Тең дәрежеде өткен бә­секеде төрешілер Вартанянды жеңімпаз деп таныды. Аралас жекпе-жектегі Дамирдың шердогі – 27 кездесу, 24 жеңіс (13 нокаут) және 3 жеңіліс. Бір айта ке­терлігі, қандасымыз өзінің спорт­тық мансабында бірде-бір рет айқын басымдықпен ұтылған жоқ.

Дамирдің қарсыласы да осал спортшы емес. Жауынгерлік самбодан ауыз толтырып айтар­лықтай табысқа жеткен 23 жас­тағы Дмитрий Климов ММА-да да жақсы нәтиже көрсетті. Ол Hardcore FC промоушенінің бұрынғы чемпионы. Оның рекорды – 15 кездесу, 11 жеңіс (9 нокаут), 4 жеңіліс. 

Бөлісу:
Дамир Алматыда айқасады · Egemen Qazaqstan