Бокс
1 мин оқу 342

Париж-2024: Бокс сайысының бастапқы жеребесі тартылды

<p style="text-align: justify;">27 маусымда Париж-2024 ойындарындағы бокстан бастапқы жеребе тарту өткізілді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасап.</p>

Париж-2024: Бокс сайысының бастапқы жеребесі тартылды

Негізгі жеребе 25 шілде North Paris Arena-да өтеді. Ал аталған шараның мақсаты – әр салмақтағы топ 8 боксшының позициясын анықтау. Ұйымдастырушының ақпаратына сәйкес аталған жеребеде тек құрлықтық сайыстарда лицензия алған боксшылар қатыстырылған. Өйткені құрлықтық сайыстар – әр елге жолдама иеленуге берілген ең алғашқы мүмкіндік.

Қазақстан бокс федерациясы мәлімдемесінде: «Аталған жеребеден Карина Ибрагимова мен Қамшыбек Қоңқабаевты ғана көре алдық. Себебі дәл осы боксшылар Азия ойындарында Олимпиада жолдамасын иеленген еді. Каринаға (57 келі) да, Қамшыбекке (+92 келі) де өз салмақтарында жетінші нөмір түскен», делінген.

Бокс федерациясы

Бокс федерациясы

Бөлісу:
Париж-2024: Бокс сайысының бастапқы жеребесі тартылды · Egemen Qazaqstan