Қоғам
2 мин оқу 150

Еларалық мәдени ынтымақтастық

<p style="text-align: justify;">Мәдениет және ақпа&shy;рат министрі Аида Балаева Қытай Халық Респуб&shy;ликасының Мәдениет және туризм министрі Сунь Елимен кездесті. Тараптар екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық саладағы ын&shy;ты&shy;мақтастықты ны&shy;ғай&shy;ту мәселелерін талқылады.</p>

Еларалық мәдени ынтымақтастық

Қазақстан мен Қытай мемле­кеттері арасында дипломатия­лық қарым-қатынас осыдан 32 жыл бұрын, яғни 1992 жылдың 3 қаңтарында орнады. Ширек ғасырдан астам уақыт ішінде екі ел стратегиялық әріптес әрі ынтымақтастығы берік елге айнал­ды. Дипломатиялық келісім аясында өзара бірқатар құжатқа қол қойылды. Сәйкесін­ше, екі ел арасында мәдени алмасулар одан әрі тереңдей түсті.

Кездесуде Аида Балаева төраға Си Цзиньпиннің мемлекеттік сапары және оның ШЫҰ Мемлекет­тер басшылары кеңесінің Саммиті­не қатысуы елдер арасындағы екіжақ­ты қарым-қатынасқа жаңа сер­пін беретініне айрықша тоқ­тал­ды. Сондай-ақ Қытай тарапын Астанадағы Қытай мәдени орталығының сәтті тіркелуімен құттықтады.

– Қазақстан мен Қытай үшін мәдени орталықтардың ашылуы айтулы оқиға болатындығын айта кету маңызды. Осы бағыттағы өзара байланыс болашақта тек қарқын­ды түрде дамып, екі ел халқы үшін оң нәтиже береді. Бұл мәдени алаң халықтарымыздың бір-біріне жақын болуына мүмкіндік береді деп сенемін, – деді министр.

Отырыста Мәдениет және ақ­парат министрлігінің архив саласын­да, Қытайдағы Қазақстанға қатыс­ты тарихи құжаттар мен жәді­гер­лерді қайтару бойынша ынты­мақ­таса жұмыс істеуге дайын екені сөз болды. Өз кезегінде, Қытай Халық Республикасының Мәде­ниет және туризм министрі бір­лесе қызмет етуге әзір екенін жет­кіз­ді. Бағдарлама бойынша келіс­кен­нен кейін Қытай тарапы дереу жұ­мысқа кірісіп, тиісті орган­дар­ға құжаттар тапсыратынын айтты.

– Елдеріміздің мәдени ын­ты­мақ­тастығы халықтарымыз арасын­д­ағы өзара түсіністік пен достық­ты нығайтуда шешуші рөл атқара­ды. Біз бірлескен мәдени жобалар мен бастамалардың үлкен әлеуетін көріп отырмыз, – деді Сунь Ели.

Кездесу соңында тараптар басқосу елдер арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі дамытуға тағы бір қадам болатынына сенім білдірді.

Бөлісу:
Еларалық мәдени ынтымақтастық · Egemen Qazaqstan