Аймақтар
1 мин оқу 134
Оралда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырап, бір адам көз жұмды
<p style="text-align: justify;">1 шілде күні Орал қаласында жеңіл машина жедел жәрдем көлігімен соғысты. Салдарынан бір адам көз жұмды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
БҚО полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 22:00 шамасында А.Черекаев көшесінде болған.
«ВАЗ-21099» және «Хундай» жедел жәрдем көлігінің апатынан алғашқы көліктің тізгіншісі басқа медициналық көлікте көз жұмды.
«Жеңіл көлікте отырған жолаушы қалалық көпбейінді ауруханаға жатқызылды. Қазір ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», делінген БҚО полиция департаментінің хабарламасында.
Бөлісу:
