Ақтауда 10 млн теңге ұрлаған инкассатор өзіне оқ атқан
<p style="text-align: justify;">Ақтаудағы банктердің бірінің ғимаратында инкассатор 10 миллион теңге ұрлап, өзіне оқ атқан, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> lada.kz сайтына сілтеме жасап.</p>

lada.kz мәліметінше, WhatsApp қолданушылары оқиғаның 14-ші шағын ауданда болғанын айтып хабарлама жолдаған. Ұрлықтан кейін ер адам ғимараттың жертөлесінде болып, қызметтік қаруымен өзіне оқ атқан.
Оқиға орнында жедел-тергеу тобы, дәрігерлер мен СОБР қызметкерлері жұмыс істеп, жертөлеге кіретін есікті қоршауға алған. Марқұмның 1981 жылы туған азамат екені анықталды.
Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растады.
«Ұрлық және өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша Ақтау қаласының полиция басқармасы қылмыстық істі тіркеді. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», деп хабарлады департамент өкілдері.
Тергеу мүддесі үшін өзге де мәліметтер жария етілмейді.
