2025 жылы Қытайдың Қазақстандағы туризм жылы өтеді
<p style="text-align: justify;">Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин келесі жылы Қазақстанда Қытай туризмі жылын өткізу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Си Цзиньпин екі елде Қазақстан мен Қытайдың мәдени орталықтары ашылғанын, сондай-ақ Қазақстанда Бейжің тіл және мәдениет университетінің филиалы ашылғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл қазақ пен қытай халықтарының жақындасуына ықпал етуі тиіс.
«Қазақстанда екінші Лу Бань шеберханасын ашу, сондай-ақ келесі жылы Қазақстанда Қытай туризмі жылын өткізу туралы шешім қабылданды», деді Си Цзиньпин Ақордада БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.
Ол елдердің кино және медиа саласындағы ынтымақтастықты кеңейту қажеттігін айтты.