Саясат
1 мин оқу 190

ШЫҰ саммиті: Режеп Тайип Ердоған Астанаға келді

<p style="text-align: justify;">Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанның ұшағы Астанаға қонды. Түркия елінің басшысын Премьер-министр Олжас Бектенов қарсы алды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

ШЫҰ саммиті: Режеп Тайип Ердоған Астанаға келді

Режеп Тайып Ердоған 3-4 шілдеде өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысады. Түркия — ұйымға серіктес ел.

Айта кетейік, Түркия Қазақстанның ең ірі сауда серіктестерінің бестігіне әрі инвестор елдердің үздік 20 мемлекетіне кіреді.

Осы жылдың 4 айында өзара сауда көлемі $1,6 млрд-қа жетті. Екі елдің үкіметтері сауданың тұрақты көлемін кемінде $10 млрд деңгейінде жоспарлы түрде қамтамасыз ету бойынша жұмыс істеп жатыр.

аа

Бөлісу:
ШЫҰ саммиті: Режеп Тайип Ердоған Астанаға келді · Egemen Qazaqstan