Оқиға
1 мин оқу 120
Таудан түсе алмаған туристер құтқарылды
<p style="text-align: justify;">Алматы облысы Талғар ауданында тауға шығып, өз бетімен түсе алмаған туристер құтқарылды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері екі жергілікті тұрғынды құтқарып, таудан түсірді. Құтқарылғандар 19-20 жас аралығындағы жастар екені анықталды.
«Бүгін таңертең олар демалу үшін тауға көтеріліп, өздігінен түсе алмай «112» нөмірі бойынша көмекке жүгінді. Туристерге медициналық көмек қажет болмады», делінген ТЖМ хабарламасында.
Бөлісу:
