Спорт
1 мин оқу 106

Алты елдің арасында топ жарды

<p style="text-align: justify;">Спорттық гимнастикадан Францияның Труа қаласында халықаралық турнир өтті. Франция, Германия, Италия, Швейцария, Англия елінің құрамаларымен додаға түскен жерлестеріміз олжалы оралды.</p>

Алты елдің арасында топ жарды

Көпсайыста Милад Карими 83.750 ұпай жинаса, еркін жаттығуда 15.000 ұпаймен көш бас­тап, Париж жазғы Олим­пиадасы алдындағы сы­нақ додасының чемпионы атанды. Күміс медаль ағылшын спортшысы Джо Фрейзерге бұйырды, ита­лиялық Марио Ма­чиати қола жүлде ен­шіледі. Халықаралық турнирге Ілияс Әзизов пен Нариман Құрбанов та қатысып, ба­ғын сынады.

Милад Карими мамыр айында Ташкентте өткен Азия чемпионатында көпсайыстан да жүлде олжалаған еді. Филиппиндік Карлос Юлоға жол беріп құрлық біріншілігінің күміс медалін місе тұтқан Миладтың жетістігі алтынға пара-пар. Себебі көпсайыстан бұған дейін спортшыларымыз Азия чемпионатында жүлде олжалаған емес.

Бөлісу:
Алты елдің арасында топ жарды · Egemen Qazaqstan