Елорда
1 мин оқу 150
Астанада автобус бағыттары қалпына келтірілді
<p style="text-align: justify;">Бүгіннен бастап Астанада автобустар қозғалысының бекітілген үлгілері қалпына келтіріледі. Бұл туралы елорда тұрғындарына «City Transportation Systems» ЖШС мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

«5 шілдеде ШЫҰ саммиті аясында көлік қозғалысы шектелген барлық аудандарда бекітілген қозғалыс үлгілеріне сәйкес маршруттық қозғалыс қалпына келтіріледі», делінген CTS хабарламасында.
Еске сала кетейік, ШЫҰ саммитінің өтуіне байланысты елордада 30-дан астам автобустың бағыты өзгерген еді.
Бұған дейін ШЫҰ саммитінің аяқталуына байланысты еліміздің төрт қаласында лаңкестік қауіптің «сары» деңгейі алынған болатын.
Бөлісу:
