Оқиға
1 мин оқу 130

БҚО-да сейф ұрламақшы болған тұрғын ұсталды

<p style="text-align: justify;">БҚО-да тұрғынның сейф ұрлап жатқан сәті видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.</p>

БҚО-да сейф ұрламақшы болған тұрғын ұсталды

Полицейлердің мәліметінше, 29 маусымға қараған түні қала орталығында орналасқан кеңселердің біріне белгісіз біреу кіріп, ішінде миллион теңгеге жуық ақшасы бар темір сейфті ұрлап кеткен. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар 26 жастағы облыс тұрғыны ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, ұрланған сейф тәркіленген. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Айта кетерлігі облыстың жедел уәкілдері, жыл басынан бері бөтеннің мүлкін ұрлау бойынша қылмыстарды ашуда жақсы нәтиже көрсетіп отыр.  6 ай ішінде осындай 491 қылмыс тіркелсе, оның 79,3%-ы ашылған.


Бөлісу:
БҚО-да сейф ұрламақшы болған тұрғын ұсталды · Egemen Qazaqstan