Қоғам
1 мин оқу 161

Қазақстанда «Астана» есімді 24 адам тұрады

<p style="text-align: justify;">Астана күні қарсаңында елімізде&nbsp;&nbsp;&laquo;Астана&raquo; есімді қанша азамат тұратыны белгілі болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Қазақстанда «Астана» есімді 24 адам тұрады

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше елімізде Астана есімді 24 адам тұрады. Өткен жылы елде осы есіммен 26 адам тіркелсе, олардың 9-ы 1998 жылға дейін дүниеге келгені белгілі болды.

Айта кетейік, Астана Қазақстанның елордасы болып жарияланған жылы 2 ұлға «Астана» есімі берілген еді. Сонымен қатар 5 адам − «Астанай», 6 адам – «Нұрастана», 3 адам – «Астанали» есімімен аталған. Сондай-ақ елде «Бәйтерек» есімді 40 адам тұрады.

Биыл елорда халқы қаланың жаңа мәртебеге ие болғанына 26 жыл толуын атап өтеді.

Бөлісу:
Қазақстанда «Астана» есімді 24 адам тұрады · Egemen Qazaqstan