Аймақтар
1 мин оқу 160

Ақтөбеде 517 үй салынып жатыр

<p style="text-align: justify;">Мәжіліс төрағасының орынбасары Дания Еспаева және депутаттар Жұлдыз Сүлейменова, Мақсат Толықбай, Қазыбек Әлішев су тасқынынан баспанасыз қалған 40 адам уақытша тұрып жатқан Ақтөбе қаласындағы эвакуациялық пункттердің бірін аралады.</p>

Ақтөбеде 517 үй салынып жатыр

Ақтөбе маңындағы саяжай тұрғындары табиғи апаттың сал­дарынан бірнеше сағаттың ішін­де үй-күйсіз қалды. Олар тек құ­жаттарын алып үлгерген. Қа­зір зардап шеккен тұрғындар Қ.Жұ­банов атындағы Ақтөбе өңір­лік университетінің жатақха­насындағы эвакуациялық пункт­те тұрып жатыр.

– Сәуір айында үйіміз суға кет­кеннен бері біз эвакуация орталығында тұрып жатырмыз. Мұнда барлық жағдай жасалған. Үш мезгіл тамақ беріледі, киноға, концерттерге билеттер тараты­лады. Партия өкілдері төрт жа­сар қызымды балабақшаға орналастыруға көмектесті. Біз жөндеу жұ­мыстарына кірісіп кеттік, жақын арада үйімізге оралатын күн де алыс емес, – дейді Ақтөбе тұрғыны Маржангүл Ерназарова.

Қазіргі уақытта эвакуа­ция пунктінде 36 адамды құрай­тын 9 отбасы тұрады. Ақтөбе қа­ласы бойынша барлығы 7 уақыт­ша орналастыру пункті жұмыс істейді, онда қазір 695 адам болса, оның 325-і бала.

– Баспанадан айырылу әр отбасы үшін үлкен сынақ екенін түсінеміз. Біздің міндетіміз – зардап шеккендерді уақытша орналастырумен қатар, оларды мүмкіндігінше тезірек қалыпты өмір­ге оралуына көмектесу. Біз су тасқынынан зардап шеккендердің әрқайсысына қолдау мен қажетті көмекті алуы үшін бар күшімізді саламыз. Бірлескен күш-жігерімізбен біз барлық қиындықты еңсереміз, – деді Мәжіліс депутаты Қазыбек Әлішев.

Су тасқыны­нан зардап шек­кен Ақтөбе облы­сының тұр­ғындарына арнап 517 үй салынып жатыр. Сонымен қатар мемлекет есебінен 383 пәтер сатып алынды.

Бөлісу:
Ақтөбеде 517 үй салынып жатыр · Egemen Qazaqstan