Мәдениет
1 мин оқу 160

Мәдени байланыс нығаяды

<p style="text-align: justify;">Мәдениет және ақпарат вице-министрі Ербол Әліқұлов Индонезия Білім, мәдениет, зерттеулер және технологиялар министрлігі мәдениет басқармасының бас директоры Хильмар Фаридпен, Индонезияның Қазақстандағы елшісі Мохамад Фаджрул Рахманмен кездесті.</p>

Мәдени байланыс нығаяды

Ербол Әліқұлов өткен жылы Қазақстан мен Индонезияның дип­ломатиялық қарым-қатынасына 30 жыл толғанын атап өтті.

«Осы уақыт ішінде елдеріміз екіжақты өзара тиімді ынтымақтас­тық аясында тығыз және сенімді қарым-қатынас орнатты. Қазір біз екі елдің мәдени іс-шараларға қатысуы арқылы бірлескен жұмысты жандандыруымыз қажет», деді Мәдениет және ақпарат вице-министрі.

Қазақстан мен Индо­незия арасын­дағы мәдени ынтымақ­тастық туралы меморандумға 2013 жылы қол қойылған. Серіктестер өзара байланыс аясын кеңейтуге ниетті.

«Қазақстан мен Индонезияның ортақ тұстары көп. Біз – көпэтносты және алуан мәдениетті мемлекетпіз. Біз­дің ынтымақтастығымыз бұдан да тиім­ді әрі жемісті болатынына сенімді­мін», деп атап өтті Хильмар Фарид. Соны­мен қатар екі елде де алмасу негізінде оқитын студенттер санын көбейтуді ұсынды.

Жиын соңында қатысушылар бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер, музыка, театр және кинематография саласындағы ынтымақтастықты қарастыруға және нығайтуға дайын екенін атап өтті.

Бөлісу:
Мәдени байланыс нығаяды · Egemen Qazaqstan