Елорда
1 мин оқу 142
Елордада қоқыс полигоны өртенді
<p>Астананың өрт сөндірушілері қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы отты жойды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бүгін Байқоңыр ауданының қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында қоқыс жанды, деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.
- Полигон аумағында инертті материалдармен толтыру және жалынды сөндіру жұмыстары жүргізілді. Зардап шеккендер жоқ. Қазір оқиғаның себебі анықталып жатыр. ТЖМ күштері 100 шаршы метр алаңдағы өртті тоқтатты, – деп толықтырды ведомство.
Құтқарушылар төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласу керек деп ескертті.
Бөлісу:
