Аймақтар
1 мин оқу 180

Жаңаөзенде мұнай тиелген жүк көлігі өртеніп кетті

<p>Жаңаөзенде мұнай тиелген жүк көлігі жанып кетті. Оқиға "Жаңаөзен-Жетібай" тасжолы аумағында болған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жаңаөзенде мұнай тиелген жүк көлігі өртеніп кетті

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 6 шілдеде түстен кейін мұнай тасымалдайтын жүк көлігінің артқы дөңгелектері өртенген.

Өрт сөндірушілер шақыру түскен сәттен бастап 35 минут ішінде тілсіз жауды ауыздықтады.

Зардап шеккендер жоқ, оқиғаның себебі анықталып жатыр.

Бөлісу: