Аймақтар
1 мин оқу 250

Маңғыстау тұрғындары аспаннан ерекше құбылысты байқады

<p style="text-align: justify;">9 шілдеден 10 шілдеге қараған түні Маңғыстау тұрғындары аспаннан ерекше жарқыраған құбылысты байқаған. Бұл көріністің суретін маңғыстаулықтар әлеуметтік желілерге жариялаған, деп жазады&nbsp;&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Маңғыстау тұрғындары аспаннан ерекше құбылысты байқады

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, өңір тұрғындары айналасында шеңберлері бар жарқыраған құбылысты суретке түсіріп алған.

9 шілде күні кешке Ресейдің бірнеше аймақтары мен Шығыс Еуропа елдерінің тұрғындары да әлеуметтік желілерде ерекше құбылыстың суреттерін жаппай тарата бастаған.

Ресейлік БАҚ бұл нысан Куру ғарыш айлағынан бұрын ұшырылған Ariane 6 зымыраны болуы мүмкін деп тұжырымдады.

1

Айта кетейік, жеңіл салмақты француздық Ariane зымыраны 9 шілде күні кешке алғаш рет сәтті ұшырылды. 

Бөлісу:
Маңғыстау тұрғындары аспаннан ерекше құбылысты байқады · Egemen Qazaqstan