Медицина
1 мин оқу 510

Жас ғалымдар робот-­курьер жасап шығарды

<p style="text-align: justify;">Робот-&shy;курьерді Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің жас ғалымдары мен роботтехника және автома&shy;тика техникалық құралдары кафедрасының студенттері жасап шығарған.</p>

Жас ғалымдар робот-­курьер жасап шығарды

Медицина қыз­меткерлері таситын дәрі-дәрмекті енді робот-курьер орындап, сұра­ныс бойынша емделушіге дәрі-дәрмекті жылдам әрі қауіп­сіз жеткізу жұмыстарын атқарады.

Аталған көмекші роботты жасаған топтың жетекшісі Нұрлан Баянбайдың айтуынша, мұндай робот-курьерлер бір­қатар шет мемлекетте дәрі-дәрмекті пациент жатқан әрбір палатаға қауіпсіз жеткізіп береді. Көзбен көріп, осындай роботты біз неге жасамасқа деген ой келген.

Робот-ку­рьер­ отандық материалдан жасалған. Электрондық құ­рал­дар ғана шетелден алынған екен.

Аталған робот көмекшінің медициналық мекемелерге қажеттілігі мол болмақ.

Бұл туралы толығырақ «Egemen Qazaqstan» газетінің бүгінгі санында жарияланған Азамат Есенжолдың «Робот-көмекші» мақаласынан оқи аласыз.

Бөлісу: