Көрме
1 мин оқу 130

Алматыда дәстүрді дәріптеген көрме ашылды

<p style="text-align: justify;">Алматыда Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде &laquo;Дәстүр-халық рухы. Дала қазынасы&raquo; атты көрме ашылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Алматыда дәстүрді дәріптеген көрме ашылды

Көрмеде 60-тан астам туынды ұсынылған екен. Келушілер сәндік-қолданбалы өнердегі кәсіби суретшілердің жұмыстарымен және қолөнершілердің еңбектерімен таныса алады. Олардың ішінде киіз, тоқылған және кестеленген кілемдер, гобелендер, ат-әбзелдері, ағаш, тері, металл шеберлерінің туындылары бар.

Ведомство Телеграм

Тағы бір тұтас бөлім қабырғаға кестеленген түскиіздерге арналған екен. Қазіргі сәндік-қолданбалы өнердің ең кең таралған түрі гобелендерге де арналған жеке экспозиция бар.

Іс-шара 30 тамызға дейін жалғасады.

Бөлісу:
Алматыда дәстүрді дәріптеген көрме ашылды · Egemen Qazaqstan